FIS ресейлік атлетке Олимпиадаға бейтарап қатысуға рұқсат етті
Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясы (FIS) қоссайыста өнер көрсететін ресейлік Артем Галунинге бейтарап спортшы мәртебесін берді. Бұл туралы FIS ресми сайтында хабарланды, деп жазады malimsports.kz.
26 жастағы спортшы енді 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиада ойындарының іріктеу жарыстарына қатыса алады.
Бұған дейін дәл осындай бейтарап статус ресейлік шаңғышылар Савелий Коростелев пен Дарья Непряеваға, сондай-ақ фристайлшы Анастасия Таталинаға берілген болатын.
Шаңғыдағы қоссайыс бойынша әлем кубогының келесі кезеңі 19 желтоқсанда Австрияның Рамзау қаласында басталады. Артем Галунин жеке әлем кубогы жарыстарында 41-орыннан жоғары көтерілмеген. Ал Бейжің Олимпиадасында ол 39 және 42-орындарды иеленген.
Ресейлік спортшыларды FIS жарыстарына қайта қосу спорттық арбитраж сотының (CAS) ресейлік тараптың апелляциясын қолдау туралы шешімінен кейін мүмкін болып отыр.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған