ФИФА Хорватия голын неге есепке алмады?
ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатында Хорватия мен Португалия арасындағы 1/16 финал матчында хорваттардың есепке алынбаған голына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Матч Португалияның 2:1 есебімен жеңісімен аяқталып, Хорватия турнирден шығып қалды.
Ойынның қосымша уақытында, 13-минутта хорват қорғаушысы Йошко Гвардиол гол соққан болатын. Алайда бейнеқайталау жүйесі (VAR) арқылы эпизод қайта қаралып, гол есепке алынбады.
ФИФА мәліметінше, шешім офсайд ережесіне байланысты дұрыс қабылданған. Офсайд жағдайы хорват жартылай қорғаушысы Марио Пашалич қатысқан эпизод кезінде тіркелген. Ол допқа талас кезінде қарсылас ойыншымен әуеде күресіп, кейін доп оған түскен сәтте офсайд жағдайында болған деп танылды. Матчтың бас төрешісі Эспен Эскос VAR қарағаннан кейін голды ресми түрде жойды.
ФИФА бұл шешімнің дәлдігін жаңа Connected Ball Technology жүйесімен де растады. Бұл технология Adidas Trionda добының ішіне орнатылған арнайы датчиктер арқылы допқа кез келген жанасуды анықтайды және офсайд эпизодтарын дәлірек бағалауға мүмкіндік береді. Ұйымның хабарлауынша, бұл жүйе төрешілерге жылдам әрі нақты шешім қабылдауға көмектеседі.
Осылайша, ФИФА голдың жойылуы толықтай ережеге сай қабылданған шешім екенін мәлімдеді.
Фото: Mattia Ozbot / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған