Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының мүшесі Евгений Кошкин АҚШ-тағы Солт-Лейк-Ситиде өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
ҰОК мәліметінше, отандасымыз 500 метрлік жарыста 33.67 секунд нәтижесін көрсетіп, екінші орын иеленді. Сондай-ақ жеке рекордын жаңартты.
Бұл қашықтықта нидерландтық Йеннинг Де Бу 33.63 көрсеткішімен топ жарды. Ал үшінші орынды 33.78 уақытымен Оңтүстік Корея спортшысы Юн Хо Ким алды.
Фото: ҰОК