Евгений Кошкин әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алды
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден өткен Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде қазақстандық спортшы Евгений Кошкин 500 метрлік дистанцияда күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол 33.67 секунд нәтижесін көрсетіп, екінші болып мәреге жетті. Жарыс жеңімпазы Нидерланд спортшысы Еннинг Де Бо — 33.63 секунд көрсеткішіне қол жеткізсе, үшінші орын Корея өкілі Ким Джун Хоға бұйырды (33.78).
Айта кетейік, осы Солт-Лейк-Ситиде 2019 жылы ресейлік спортшы Павел Кулижников 31.61 секундпен әлем рекордын тіркеген. Ал Кошкинның нәтижесі қазіргі әлемдік рейтингте үшінші көрсеткіш ретінде танылып отыр.
Әлем Кубогының келесі, Милан Олимпиадасына лицензиялық ұпай беретін кезеңі 21-23 қараша күндері Калгари қаласында (Канада) өтеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған