Мәзір
Жаңалықтар

Евгений Федоров тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионы атанды

Сабина Асқарқызы 65 қаралым
Евгений Федоров тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионы  атанды

Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ерлер арасында "элита" санатында Евгений Федоров 31 шақырымдық жекелей сайыста топ жарды. 

Сонымен қатар дәл осы қашықтықта қазақстандық Николас Винокуров күміс жүлдеге ие болды. Ал үздік үштікті Ту Чих Хао (Қытайлық Тайбэй) түйіндеді.

Сондай-ақ 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен 24,6 шақырымдық жекелей сайыста Мансұр Бейсембай топ жарды. Екінші орынды Моңғолия өкілі Темулен Хадбаатар иеленсе, қола жүлде Қытай спортшысы Чэнцзюнь Цюй бұйырды.

Ал Әнел Тәшбай жасөспірімдер арасында өткен 15,8 шақырымдық жекелей сайыста үздік атанды. Екінші орынға Гонконг өкілі Чинг Кью Лоу жайғасты. Ал үндістандық Анжали Джакхар үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанда аяқталады.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар