EURO-2027: футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынын өткізеді
2027 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңінде футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандастарымыз А тобында сынға түседі. Қарсыластарымыз - Чехия, Беларусь және Норвегия. Ойындар 17-22 наурыз аралығында Норвегияда өтеді.
Отандастарымыз бүгін Чехиямен кездессе, 19 наурызда Норвегия, 21 наурызда Беларусьпен шеберлік байқасады. Ұлттық құраманың аға бапкері Сәкен Наукенов шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.
Қақпашылар: Светлана Гейниц, Зулейра Әбішева (екеуі де - «Қайрат»);
Алаңдағы ойыншылар: Жансая Әубәкір, Светлана Ступина, Лунара Мыңжасар, Лаура Шутова (барлығы «Қайрат»), Аяжан Шамбаева, Милана Ткач (екеуі де — «Атырау»), Әсем Қаражанова, Валерия Акиева (екеуі де — «Ақтөбе»), Айсана Зекен («Астана»), Людмила Коноплева («Alliance Астана»), Данира Алканова, Рамина Иманжанова, Гүлім Кенжетай (үшеуі де - «Қайрат» футзал).
Ал B тобында Босния және Герцеговина, Сербия, Англия, Литва, C тобында Словения, Франция, Солтүстік Ирландия, Латвия сынға түседі.
Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік нәтижеге қол жеткізген екі құрама жарыстың келсі сатысына шығады.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Әлем чемпионаты: Мексика Иран құрамасының матчтарын өткізуге әзір екенін мәлімдеді
Ең көп оқылған