457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Есбол Сұлтановтың бапкерлігі Қазақстанда неге лайықты бағаланбады

Құдірет Шәмиев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында ұлттық құраманың бас бапкері Есбол Сұлтановтың әлемдегі рейтингі туралы пікір білдірді

Қазақстан таэквондо федерациясының президенті Құдірет Шәмиев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында ұлттық құраманың бас бапкері Есбол Сұлтановтың әлемдегі рейтингі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Дүниежүзілік таэквондо федерациясының 2024 жылғы рейтингінде бірінші болған Есбол Сұлтанов қазір ұлттық құраманың бас бапкері болып отыр. Ол бір кездері Туниске кетіп қалған болатын. Сол елдің тарихын жаңартып, екі олимпиада медалін алып берді. Енді кейде ондай мамандар сыртқа шыққанда бағаланып жатады. Біз федерацияға келгенде оны бірден шақырдық. Бірақ одан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында осы Есбол Сұлтановтың аты аталған болатын. Өзіміздің таланттар тұрғанда өзге елдің мамандарына жүгіну дұрыс емес. Сондықтан қазір ол өзімізде бас бапкер, - деді федерация басшысы.

Оның сөзінше, Есбол Сұлтановтың қасына Иран мен ресейден білікті бапкерлер топтастырылған.

«Келісіп пішкен тон келте болмайды» дейді, сол үшін Иранның қыздар құрамасында бас бапкер болған Фатима ханымды қосымша бапкер етіп шақырттық. Ресейден әлем және олимпиада чемпионын шығарған Александр мырзаны алдырдық. Осында ұжым бірлесіп жұмыс істеп жатыр, - деді Құдірет Шәмиев.

Фото: Sportbugin.kz