Мәзір
Жаңалықтар

Ерұлан Қабдулов — ММА-ден екі мәрте әлем чемпионы

Сабина Асқарқызы 96 қаралым
Ерұлан Қабдулов — ММА-ден екі мәрте әлем чемпионы

Грузияның астанасы Тбилисиде өткен аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы 12 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан Біріккен ММА Федерациясының дерегінше, қазақстандық спортшылар байрақты додада 2 алтын, 1 күміс және 9 қола жүлдені иеленіп, командалық есепте екінші орынға жайғасты.

Ерлер арасында 52,2 келіде сынға түскен Ерұлан Қабдулов финалда IMMAF рейтингінде көш бастап тұрған тәжікстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Бұл — Ерұланның әлем чемпионатындағы екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін ол 2024 жылы Ташкентте өткен додада дәл осы салмақта топ жарған еді.

Қазақстан қоржынына түскен екінші алтынды 83,9 келі салмақта бақ сынаған Жақсыбек Аймаханов сыйлады. Ол барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтап, әлем чемпионы атанды.

Күміс жүлдені Досжан Есбол жеңіп алса, қола медальға Әбілмансұр Жексенбай, Марат Әшімтаев, Еркебұлан Бегасылұлы, Дмитрий Ярков пен Диас Өскер ие болды.

Ал қыздар арасында Матильда Бачурина, Адель Махметова, Мөлдір Әшірбекова және Диана Ахметова үшінші орыннан көрінді.

 

Фото: Қазақстан Біріккен ММА Федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар