457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

XIV қысқы Паралимпиадада Ербол Хамитов ел қоржынына пара биатлоннан алтын, пара шаңғы жарысынан қола медаль салған еді.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара биатлоннан Миланда өткен қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовпен және жаттықтырушыларымен кездесті, деп жазады malimsports.kz
Кездесу барысында министр отандық спорттың дамуына қосқан елеулі үлесі мен халықаралық ареналардағы жоғары жетістіктері үшін Ербол Хамитовқа «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыстады.
Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, Хрусталь глобусты иеленген Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды. Сондай-ақ ол жуырда Италияның Милан-Кортина қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпиадада Ербол Хамитов ел қоржынына пара биатлоннан алтын, пара шаңғы жарысынан қола медаль салды.
Бұдан бөлек, министр Ербол Хамитовтың жаттықтырушылары – Аслан Тоқбаев, Василий Коломиец және Антон Ждановичті Құрмет грамотасымен марапаттады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Ербол Хамитовқа ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстаған болатын. Ал Василий Коломиец пен Антон Жданович «Парасат» орденімен, Аслан Тоқбаев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Кездесу барысында Ербол Мырзабосынов мықты спортшылар мен кәсіби спорт менеджерлерін қолдаудың маңызын ерекше атап өтті. Өйткені олардың жетістіктері Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға зор үлес қосады.

Фото: Туризм және спорт министрлігі