Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 км із қуу жарысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол қашықтықты 9 минут 39 секундта бағындырды. Екінші орынды украиналық Тарас Рад (10:00.5) иеленсе, үшінші орын қытайлық Лю Мэнтаоға (10:11.5) бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрлік классикалық спринтте қола медаль алып, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған еді.
Ал осы жарыста қазақстандықтар Юрий Березин мен Сергей Усольцев финалда өнер көрсетіп, 23-орынға тұрақтады.
Фото: Мейіржан Амангелдиев