457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ербол Хамитов Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Бұл бәсеке 6-15 наурыз аралығында өтетін XIV қысқы  Паралимпиаданың рейтингтік жарыстарының бірі.

Пара биатлоннан өткен  Әлем кубогында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықты 38 минут 21  секундта бағындырып, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz

Осы дистанцияда бірінші орынды украиндық спортшы Тарас Рад (37:08), ал  екінші  орынды  АҚШ спортшысы Пайк Аарон (38:16) алды.

Айта кетейік, пара биатлонан әлем кубогы Польшадағы Якушице қаласында 22-25 қаңтар аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан, Канада, Ұлыбритания, Бразилия, Испания, АҚШ, Украина және Италия елдерінің үздік спортшылары қатысты.

Аталмыш бәсеке 6-15 наурыз аралығында өтетін XIV қысқы  Паралимпиаданың рейтингтік жарыстарының бірі.

Бұдан кейін, ұлттық құрама 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Якушицеде  пара шаңғы жарысынан өтетін Әлем кубогында бақ сынайды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі