Мәзір
Жаңалықтар

Энтони Джошуа блогерді нокаутқа түсіріп қомақты ақшаға қол жеткізді

Сабина Асқарқызы 132 қаралым
Энтони Джошуа блогерді нокаутқа түсіріп қомақты ақшаға қол жеткізді

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа блогер әрі боксшы Джейк Полды нокаутпен жеңді. Бокс кеші Майами қаласында өтіп, жекпе-жек Netflix платформасында тікелей эфирде көрсетілді, деп жазады malimsports.kz. 

36 жастағы Энтони Джошуа  - WBO, WBA және IBF тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Ал 28 жастағы Джейк Пол — кәсіби емес боксшы. Ол 2019 жылдан бері 14 жекпе-жек өткізіп, оның 12-сінде жеңіске жеткен. Айта кетерлігі, Джошуа - Джейк Полмен кездескен алғашқы кәсіби аса ауыр салмақтағы боксшы.

Жекпе-жек алтыншы раундта нокаутпен аяқталды. Кездесу барысында блогер бірнеше рет нокдаунға түсті. Жеңілістен кейін Джейк Пол жақ сүйегінің сынғанын хабарлады. Осыған байланысты ол жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатына қатыспай, бірден ауруханаға жеткізілді.

Кейінірек YouTube-та 20 миллионнан астам жазылушысы бар блогер әлеуметтік желілерде алған жарақатына қатысты рентген суретін жариялады. Кадрдан жақ сүйегінің қосарланған сынуы анық байқалады. 

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар