457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Енді Алматы қаласының спортшылары Turkish Airlines әуекомпаниясымен ұшады

Алматының Спорт басқармасы мен Turkish Airlines әуекомпаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Келісім аясында халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Алматы қаласының спортшылары мен құрама командалары үшін әуе тасымалына арнайы тарифтер енгізіледі.

Бастама Алматы қаласы әкімінің бюджеттік шығыстарды оңтайландыру және спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға жайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды.

Ынтымақтастық аясында мыналар қарастырылған:

* әуе билеттеріне арнайы жеңілдіктер;

* спорттық жабдықтарға қосымша тегін багаж;

* билеттерді қайтару және айырбастаудың икемді шарттары;

* қызмет көрсету мен ұшу қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтау.

Арнайы тарифтер халықаралық жарысқа баратын спортшылардың жол шығынын оңтайландыруға, бюджет жүктемесін азайтуға және командалар үшін қолайлы ұшу жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

Фото: Алматы қаласы әкімдігі