Эмре Джан ауыр жарақатына қарамастан "Боруссия Дортмундпен" жаңа келісімге отырды
Боруссия Дортмунд клубы капитаны Эмре Джанмен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клубтың ресми мәліметіне сәйкес, 32 жастағы жартылай қорғаушымен жасалған жаңа келісім 2027 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.
Айта кетейік, ақпан айының соңында Эмре Джан ауыр жарақат алған болатын. Дортмундтық клубтың капитаны сол жақ тізесіндегі крест тәрізді байламдарын үзіп алған.
Соған қарамастан, клуб басшылығы тәжірибелі футболшыға сенім артып, келісімшарт мерзімін ұзартуды жөн көрді.
Эмре Джан «Боруссия Дортмунд» сапында 2020 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Ағымдағы маусымда ол 16 матчқа қатысып, 3 гол соққан.
Сонымен қатар, жартылай қорғаушы Германия құрамасы сапында 48 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанған. Ол ұлттық құрамамен бірге 2017 жылғы Конфедерациялар кубогы турнирінде жеңіске жеткен.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған