Елордада жүйрік тазылар бәсекесі өтеді

Елордада шырға тарту бойынша «Тазы Гран-При» байқауы өтіп жатыр. Жарысқа 17 өңірден 69 тазы қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Қазақ тазы спорт федерациясы үшінші мәрте жарыс ұйымдастырып отыр. Алғашқы жарысқа 20 өңірден 150 тазы қатысты. Екінші бәсекеге 220 тазы жиналды. Бірақ бұл жолы санға мән берген жоқпыз. Іріктеуге 300-ден аса адам жазылды. Солардың арасынан ең мықты деген 70-ке жуық тазыны таңдадық. Бүгін 37 арлан мен 32 қаншық бөлек жарысады, – деді Қазақ тазы спорт федерациясының құрылтайшысы Нұрқожа Ерсайын.
Байқаудың жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.
Бірінші орын алған 2 тазыға 750 мың теңгеден, екінші орын иегерлеріне 500 мыңнан, үшінші орынға 250 мың теңгеден беріледі, – деді ұйымдастырушы.


Ең көп оқылған
