Мәзір
Жаңалықтар

Елордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Сабина Асқарқызы 111 қаралым
Елордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

1-7 желтоқсан аралығында жалғасып жатқан бәсекеге еліміздің 17 өңірінен 177 спортшы бас қосты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандастарымыз алдағы күндері «Алатау» спорт сарайында жекелей жаттығулар бойынша 54 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Бүгін жарыс күнінде ерлер 65 келі және әйелдер 58 келіде жеңімпаздарды анықтайды.

Айта кетейік, Астана қаласы бұған дейін Қазақстан чемпионатын 2022 жылы қабылдаған еді.

 

 

Фото: СДД

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар