Мәзір
Жаңалықтар

Еліміздің 2025 жылғы үздік спортшылары анықталды

Сабина Асқарқызы 266 қаралым
Еліміздің 2025 жылғы үздік спортшылары анықталды

Туризм және спорт министрлігінде «Үздік-2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар, жаттықтырушылар, мамандар мен ұйымдар анықталды.

Негізгі жеңімпаздар:

Жылдың үздік спортшылары: әйелдер боксы – Алуа Балқыбекова, грек-рим күресі – Айдос Сұлтанғали.

Жылдың үздік жаттықтаушылары: Долкунжан Камеков, Райымбек Ғабиден.

Үздік спорт федерациясы: Қазақстан бокс федерациясы.

Үздік спорт ұйымы: Алматы облысының «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы».

Үздік спорт өңірі: Қызылорда облысы.

Ауылдық жердегі үздік нұсқаушы: Сержан Баденов (Жамбыл облысы).

Аудандық үздік спорт бөлімі: Қарқаралы ауданы (Қарағанды облысы).

Үздік ауыл жаттықтырушысы: Владимир Шалыгин (Қостанай облысы).

Үздік спорт маманы: Мейрам Нұртазин (Астана).

Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы: Хислат Мамметов.

Ауылдық жердегі үздік спорт әдіскері: Алтынбек Сарбупин (Ақтөбе облысы).

Спорттағы жыл серпіні: Дастан Сәтпаев («Қайрат»).

Жасөспірімдер мен жастар құрамасының спортшылары: Ақмарал Ерекешова, Дінмұхаммед Раймқұлов, Ксения Прозорова.

Жылдың үздік спорт меценаты: FREEDOM компаниясы.

Сондай-ақ Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауының жеңімпаздары да анықталды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар