457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде 2026 жылы 121 спорт нысанын салынады

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр.

Туризм және спорт министрлігі ел аумағында спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Биыл республика бойынша 121 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп жазады malimsports.kz
Мәселен биыл Тараз қаласының Ұлы Дала шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қызылорда қаласында «Қызылорда Арена» спорт кешені, Жаңаөзен қаласында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Нысанды пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылдың бірінші тоқсаны. Ал Алматы қаласында Медеу мұз айдынын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Бұл жобалар халықтың бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап, кәсіби спортты дамытуға серпін беруге бағытталған.
Айта кетейік, 2025 жылы елімізде 147 спорт нысаны пайдалануға берілген. Аталған нысандардың 100-ден астамы ауылдық жерлерде, ал 40-қа жуығы қалалық аймақта салынды. Ірі жобалар қатарында Түркістан қаласындағы ескек есу арнасы мен Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы бар.

Фото: Ашық дереккөзден