"Елімай" футбол клубы жекеменшікке өтуі мүмкін
Семейлік «Елімай» клубы қарыздарын өтегеннен кейін жаңа инвесторларға берілетін болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Семейлік "Елімай" клубы өткен жылдардан қалған қарыз мәселелерін шешуді жалғастырып жатыр. Offside.kz-тің жазуынша, қазіргі уақытта клуб Қазақстанның жетекші кен өндіру компанияларының бірі KAZ Minerals компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Потенциалды инвестор өкілдері елдің Футбол федерациясы басшылығымен кездесу өткізді.
Келісімнің басты шарттарының бірі – клубты жаңа иелерге толықтай беру, ал барлық қарыздар наурыз айының соңына дейін реттелуі тиіс.
Болжам бойынша, "Елімай" клубының басқару құрамында айтарлықтай өзгерістер болады.
2025 жылғы маусымда "Елімай" 48 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орын алды. Бұл командаға қазіргі маусымда Конференция лигасының іріктеу ойындарына қатысу мүмкіндігін бермек.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған