Елена Рыбакина WTA финалдық турниріндегі қарсыластарын анықтады
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) маусым қорытынды турнирінің топтық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнир 1-8 қараша аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтеді. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үздік сегіз спортшы қатарына еніп, финалдық турнирге қатарынан үшінші рет қатысқалы отыр. Ол маусымның соңғы ваканттық жолдамасын иеленді.
Жеребе қорытындысы бойынша Рыбакина Серена Уильямс тобына түсті. Бұл топта Ига Швёнтек (Польша, №2 WTA), Аманда Анисимова (АҚШ, №4 WTA) және Мэдисон Киз (АҚШ, №7 WTA) бар.
Ал Штеффи Граф тобының құрамына Арина Соболенко (Беларусь, №1 WTA), Коко Гауфф (АҚШ, №3 WTA), Джессика Пегула (АҚШ, №5 WTA) және Жасмин Паолини (Италия, №8 WTA) енді.
Маусым қорытынды турниріне жыл бойы ең жоғары ұпай жинаған әлемнің үздік сегіз теннисшісі қатысады. Сонымен бірге, маусым ішіндегі «Үлкен дулыға» (Grand Slam) турнирлерінің жеңімпаздары автоматты түрде жолдама алады.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған