Елена Рыбакина әлемдік рейтингте Арина Соболенкоға жақындай түсті
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турнирінен кейін әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Арина Соболенкомен арадағы ұпай айырмасын қысқартатын болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Үлкен дулыға» санатындағы жарыста Рыбакина үшінші айналымда өнерін аяқтады. Ол өткен жылғы нәтижесін қайталағандықтан, рейтингтік ұпай жоғалтқан жоқ. Қазіргі таңда қазақстандық теннисшінің еншісінде 8143 ұпай бар.
Ал әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Уимблдонның 1/8 финалында жеңіліп, былтырғы жартылай финал үшін алған ұпайларын қорғай алмады. Соның нәтижесінде Беларусь өкілі 540 рейтингтік ұпайынан айырылып, жаңартылған рейтингте 8550 ұпаймен қалады.
Осылайша, Рыбакина мен Соболенко арасындағы ұпай айырмасы айтарлықтай қысқарады.
Айта кетейік, WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы Уимблдон-2026 финалы аяқталғаннан кейін ресми түрде жарияланады.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған