457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ел спортшылары әртістік жүзуден Азия чемпионатында тағы төрт алтын медаль жеңіп алды

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жас ерекшелік топтары арасындағы әртістік жүзуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Төртінші жарыс күні қазақстандық спортшылар топтық бағдарламаларда жоғары нәтиже көрсетіп, төрт бірдей чемпиондық атақты иеленді.

Алтын медаль иегерлері:

Еркін бағдарлама (юниорлар):

Айғаным Саим, Мақпал Қалмырза, Даяна Жаманчалова, Анастасия Воронкова, Полина Мерзлякова, София Ищенко, Салима Ақылбек, Жанерке Нұркенқызы (резервте – Алдияр Рамазанов, Алиша Рафкатова).

Еркін бағдарлама (13-15 жас):

Назым Саим, Жансая Әбдіқадыр, Валерия Коструб, Тахмина Заирова, Валерия Матвеева, Альмира Баймаханова, Русалина Милушина (резервте – Айым Саим, Сафия Хамит).

Еркін бағдарлама (12 жас және одан кіші):

Әл-Жазира Баталова, Медина Сайлаубекова, Малика Нұржанова, Юлия Мишиева, Аделина Рафкатова, Елизавета Амельченко, Амили Баймахан, Алуа Айтбай (резервте – Альфия Райыс).

Акробатикалық бағдарлама (жасөспірімдер):

Ясмина Исламова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Мақпал Қалмұрза, Даяна Жаманчалова, Анастасия Воронкова, София Ищенко, Полина Мерзлякова (резервте – Салима Ақылбек пен Милана Ашаханова).

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының су спорты түрлерінен Азия чемпионатындағы жалпы қоржыны 16 алтын, 9 күміс және 4 қола медальға жетті.

 

Фото: СДД