457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Екі дүркін паралимпиада жүлдегері жарыстарда назардан тыс қалатынын атады

Екі дүркін паралимпиада жүлдегері жарыстарда өздерін ешкім фотоға да, видеоға түсірмейтінін атады.

Токио және Парижде өткен паралимпиада ойындарының жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали елдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың спортына мүлдем мән берілмейтінін атады, деп хабарлайды malimsports.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол жүлдені күреп әкеліп жатса да, қарапайым жағдайлар жасалмағанын жеткізді.

«Қайта кері кетіп барады. Нәтиже жақсарып жатыр, себебі Токиода қола алсам, Парижде күміс алдым. Біз сыйлықтар былай тұрсын, массажист пен дәрігерге, берілуі керек киімге зәру болып қалдық. Жыламаған бала секілді сүттен қағылып жүрміз, сол үшін енді үнсіз қалудың реті жоқтығын түсіндім. Жарыстарға бізбен бірге медиа өкілдері де бармайды, сұхбат беріп, суретке түсіру не видео деген жоқ. Жаттықтырушымыз амалсыз өз қаражатына қажетті құрал-жабдықты сатып алып, жарыстарды түсіріп жүреді, себебі кімнің қандай қателік жібергенін қарап отыру қажет. Келесі жылы Пара Азия ойындары өтеді, ол жарыста жеңімпаз атансақ деген ниетіміз бар, тыңғылықты жаттығу жасау керек, тек сол жаттығуды жасайтын жағдай болса дейсің», - дейді спортшы.

Фото: Ұлттық паралимпиада комитеті