457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Марсель Хиршер Миландағы ойындарыға қатыспайды

Бұған дейін ол бес жылдық үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралуды жоспарлағанын, әрі бұл жолы Нидерланд туы астында өнер көрсететінін жариялаған еді.

Тау шаңғысынан екі дүркін Олимпиада чемпионы, жеті дүркін әлем чемпионы Марсель Хиршер 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын және осы маусымның барлығын бос өткізіетінін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz

2024 жылдың желтоқсан айында 36 жастағы спортшы тізесінен ауыр жарақат алып, операция жасатқан. Бұған дейін ол бес жылдық үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралуды жоспарлағанын, әрі бұл жолы Нидерланд туы астында өнер көрсететінін жариялаған еді.

«Шындық мынада – бұл қазір мүмкін емес. Мен ұстап тұра алатын қарқын Әлем кубогының деңгейіне сай келмейді. Қазіргі жағдайда қажетті жоғары деңгейде өнер көрсете алмайтынымды Райтеральмедегі жаттығулар кезінде-ақ байқадым. Бұл жаңалық маған қарсы адамдарға ұнайтын шығар. Ал мені қайтадан тауда көргісі келгендердің көңілін қалдырғаныма өкінемін. Өзіме де бұл ұнамайды. Бірақ биыл бұл мүмкін емес», – деді ол әлеуметтік желіде жарияланған видеоүндеуінде.

Марсель Хиршер Пхенчхан-2018 Олимпиадасында екі алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ ол Сочи-2014 Олимпиадасында слаломда күміс жүлдегер атанған.

Хиршер – тау шаңғысы тарихында Әлем кубогының жалпы есебінде сегіз маусым қатарынан жеңіске жеткен жалғыз спортшы.

Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6–22 ақпан аралығында өтеді.

Фото: Ашық дереккөзден