457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Екі дүркін Олимпиада чемпионы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына қатыспайды

20 жастағы спортшы бастапқы қатысушылар тізімінде болғанымен, кейін оның орнына Сара Эверхардт енгізілді.

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Алиса Лю Прагада өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды. Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының ресми сайтында хабарланды, деп жазады malimsports.kz

20 жастағы спортшы бастапқы қатысушылар тізімінде болғанымен, кейін оның орнына Сара Эверхардт енгізілді.

Алиса Лю жуырда Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиада ойындарында жеке және командалық жарыста алтын медаль жеңіп алған. Сонымен қатар ол қазіргі әлем чемпионы болып саналады.

Биылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты Чехияның астанасы Прагада 24-29 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұл жарысқа Ресей мен Беларусь спортшылары қатыса алмайды. Халықаралық конькишілер одағының мәліметінше, аталған елдердің спортшыларына турнирге шақырту берілмеді. Бұған дейін олардың Олимпиадаға іріктеу жарыстарына және Олимпиада ойындарына қатысуы ерекше жағдай ретінде қарастырылған.

Фото: Getty Images