Эдсон ұлттық құрамаға қайта оралды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф ойындарына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылар:
Қақпашылар: Игита, Қанат Жеткірбаев, Талғат Өтепбергенов;
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин. Ержан Карменов, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Иван Марахов, Альберт Ақбалықов, Владислав Черномордов.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама үшін Италиямен сынға түседі. Алғашқы кездесу 18 қыркүйек күні сырт алаңда – Фазано қаласында өтсе, 23 қыркүйек күні Италия құрамасын Астанада қабылдаймыз.
Екі ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен құрама келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде өз тобында екінші орын алып, тікелей жолдама ала алмаған еді.

Ең көп оқылған
