Мәзір
Жаңалықтар

Едіге Емберді Ислам ойындарында қола жүлде иеленді

Сабина Асқарқызы 139 қаралым
Едіге Емберді Ислам ойындарында қола жүлде иеленді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберді Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орынға ие болды, деп жазады malimsports.kz. 
Қазақстандық спортшы 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде. Ол жұлқа көтеруде үшінші орынға ие болды.
Едіге ең үздік мүмкіндігінде 152 келіні еңсерді. Осылайша қола медаль жеңіп алды.
Мысыр спортшысы Абдельрахман Эльсайед жеңімпаз атанды - 166 келі, ал әзірбайжандық Равин Алмаммадов екінші орынды иеленді - 155 келі.
Айта кетейік, серпе көтеру мен қоссайыстың қорытындысы бойынша да жеңімпаздар анықталады.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар