Дзюдошы Әділет Алмат Қытайдағы Гран-при турнирінде жеңіліп қалды

Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирінің екінші жарыс күнінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Әділет Алмат қола жүлде үшін күресте оңбай ұтылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Есито Ходзеге есе жіберді. Дзюдошы қола медаль үшін Түркия өкілі Ведат Албайракпен күресте осалдық танытып, халықаралық жарыстан елге құралақан оарлғалы отыр.
Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан төрт спортшы татамиге шыққан болатын. Алайда олардың ешқайсысы финалдық кезеңге жете алған жоқ.
Дәурен Сүйекенов пен Алдияр Қарғұлов (60 келіге дейін), Нұрмұхамбет Ботабай мен Ердәулет Босжа (66 келіге дейін) алғашқы айналымнан өте алмай қалды.


Ең көп оқылған
