Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын 1 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алтын жүлдені Іңкар Құралбай (-48 кг) иеленсе, күміс жүлдеге Қайрат Жеңісұлы (60 кг), Сапарғали Салхан (-81 кг), Егор Раков (-90 кг), Шынар Бітімбай (-70 кг) қол жеткізді. Сондай-ақ, қола жүлдегерлер қатарында Ерасыл Ержанов (-66 кг), Ернар Кеңесхан (-73 кг), Ерасыл Нұртаза (-100 кг), Бейбарыс Сұлтан (+100 кг), Сара Шугаева (-52 кг), Томирис Ерғали (-78 кг), Көркем Бақытбек (+78 кг) сынды балуандар бар.
Бұған дейін отандық дзюдошылар Ханчжоуда Азия кубогында 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 3-ші орынмен аяқтаған болатын.