457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Джек Делла келесі қарсыласы ретінде қазақстандық Шавкат Рахмоновпен айқасуы мүмкін

Өткен жекпе-жегінде чемпиондық белбеуді жеңіп алған Маддалена экс-чемпион Исраэль Адесанья жүргізетін подкастың қонағы болды.

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпионы Джек Делла Маддалена келесі қарсыласы ретінде қазақстандық Шавкат Рахмоновты көргісі келетінін мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

Өткен жекпе-жегінде чемпиондық белбеуді жеңіп алған Маддалена экс-чемпион Исраэль Адесанья жүргізетін подкастың қонағы болды.

Боксшылар өз дивизионындағы қазіргі жағдайды талқылады.

Маддаленаға екі аптадан кейін алғашқы белбеуін қорғау жекпе-жегі күтіп тұр. Ол жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Ислам Махачевпен кездеседі. Ресейлік спортшы бұл жолы бір салмақ жоғары – жартылай орта дивизионға көтерілмек. Австралиялық файтер осы жекпе-жектен кейін Шавкат Рахмоновпен кездесуді жоспарлап отыр.

«Әр жекпе-жектің өз ерекшелігі бар, әрқайсысы саған бір нәрсе үйретеді. Иә, Исламмен айқасу мені Шавкатқа дайын болуға көмектеседі деп ойлаймын. Бірақ, әрине, олар – мүлде басқа стильдегі спортшылар. Рахмонов биік әрі ірі. Мен әрқашан Шавкатпен жекпе-жек өткізгім келді. Ол алғаш рет UFC-де өнер көрсеткен сәттен бастап, мен оның бұл ұйымды билейтінін түсіндім. Біздің жолдар бір күні түйісетініне сендім», – деді чемпион.

Джек Делла Маддалена жеңілмеген қазақстандық файтерді жеңуге қабілетім бар деп сенеді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 2024 жылдың соңында UFC жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуы керек болған. Алайда сол кезде белбеудің иегері Белал Мухаммад жарақат алып, кездесу өтпей қалды.  

Фото: Ашық дереккөзден