Аралас жекпе-жек Джастин Гэтжи егер уақытша чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жекте Пэдди Пимблетттен жеңілсе, кәсіби мансабын аяқтайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы америкалық спортшының бапкері Тревор Уиттман мәлімдеді.
Гэтжи мен Пимблетт арасындағы айқас 24 қаңтарда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 324 турнирінде ұйымдастырылады. Жекпе-жекте UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Ал осы салмақтың толыққанды чемпионы Илия Топурия жеке себептеріне байланысты уақытша үзіліс алған.
Тревор Уиттманның айтуынша, бұл жекпе-жек Гэтжи үшін шешуші кезең болмақ.
«Бұл – біздің соңғы серпілісіміз. Егер бұл жекпе-жекте жеңілсек, Джастин мансабын жалғастырмайды. Біз кім көрінгенмен үлкен ақша үшін төбелесуді көздемейміз. Барлық жекпе-жек және контактты спорт түрлері ұзақ мерзімді денсаулық мәселелерімен байланысты. Джастин бұл жағынан өте ақылды, бәрін жақсы түсінеді», - деді Уиттман.
Қазіргі таңда 37 жастағы Джастин Гэтжи ММА ережелері бойынша 26 жеңіс, 5 жеңіліс тіркеген. Ал 30 жастағы британдық Пэдди Пимблетттің еншісінде 23 жеңіс пен 3 жеңіліс бар.
Фото: Gettyimages