457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны – 2026: дайындықтың алғашқы жоспары бекітілді

Іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.

2026 жылы өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңындағы дайындық жұмыстарының алғашқы жоспары бекітілді.

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиевтің төрағалығымен өткен жұмыс тобының отырысында негізгі ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы «Кабар» ақпарат агенттігі хабарлады.

Отырыста жарыстар өтетін негізгі алаңдар, логистикалық және ұйымдастырушылық тетіктер, ойындардың өту форматы, сондай-ақ дайындық барысының қазіргі ахуалы жөнінде жауапты құрылымдардың есептері тыңдалды. Іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Жиынға министрдің орынбасарлары, Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Қалыбек Молдажиев, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Халықаралық хатшылығының басшысы Нұрсұлтан Аденов, бас режиссер Алтынбек Максутов, сондай-ақ салалық мекемелер мен мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – көшпелі халықтардың дәстүрлі спорт түрлері мен мәдени мұрасын әлемге танытатын ірі халықаралық дода. 2026 жылғы ойындар қыркүйек айында өтуі жоспарланған.

Фото: Mehmet Eser/Anadolu Agency via Getty Images