457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Досбол Шәміл – ІІІ ТМД елдері ойындарының чемпионы

л жарыс барысында барлығы үш белдесу өткізді

Қазақ балуандары Әзербайжанның Гянджа қаласында өтіп жатқан ІІІ ТМД елдері ойындарын алтын медаль жеңіп алды. 

Бүгін грек-рим күресінен 65 келіге дейінгі салмақта белдескен Досбол Шәміл қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтын медаль иегері атанды. Ол жарыс барысында барлығы үш белдесу өткізіп, барлығында да айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының балуандары тағы екі жүлде жеңіп алған болатын:

Еркін күрестен – Риза Изахар (110 кг) – күміс медаль;

Әйелдер күресінен – Нұрайым Саяхмет (65 кг) – қола медаль.

Осылайша, Гянджа бозкілемінде өткен жарыста қазақстандық балуандар жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Фото: gov.kz