Мәзір
Жаңалықтар

Дмитрий Патанин - Сомбатхейдегі Challenge Cup турнирінің жеңімпазы

Сабина Асқарқызы 112 қаралым
Дмитрий Патанин - Сомбатхейдегі Challenge Cup турнирінің жеңімпазы

Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында Қазақстан командасының қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Еркін жаттығудың финалында отандасымыз Дмитрий Патанин жеңіске жетті. Оның еншісінде 13.900 ұпай бар. Күміс жүлде 13.600 балл алған Кевин Пенев (Болгария) еншісінде. Үздік үштікті Артём Долгопят (Израиль) 13. 200 ұпаймен түйіндеді.
Айта кетейік, ертеңгі финалда Дмитрий Патанин қос сырықта, ал Милад Карими керме жаттығуында жүлдеге таласады.

Фото: Спорт комитеті

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар