Мәзір
Жаңалықтар

Дмитрий Панарин Bangladesh International Series 2025 турнирінің жеңімпазы атанды

Сабина Асқарқызы 96 қаралым
Дмитрий Панарин Bangladesh International Series 2025 турнирінің жеңімпазы атанды

Бадминтоннан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Бангладеш астанасы Дакка қаласында өткен Bangladesh International Series 2025 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жекелей сындағы финалдық кездесуде қазақстандық спортшы Малайзия өкілі Мохаммад Рушданды тартысты бәсекеде жеңді. Үш сетке созылған матчта Панарин 2:1 есебімен басым түсті — 21:17, 14:21, 21:10.

Турнир барысында Дмитрий Панарин сенімді әрі тұрақты ойын көрсетіп, бірнеше мықты қарсыласынан басым түсті.

Айта кетейік, халықаралық жарысқа 17 елден 276 спортшы қатысты. Олардың қатарында Бангладеш, Үндістан, Малайзия, Вьетнам, Қазақстан, Аустралия, Таиланд, Иран, Непал, Сингапур, Англия, АҚШ, Корея, Португалия, БАӘ, Индонезия және Канада өкілдері болды.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар