Мәзір
Жаңалықтар

Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирдің финалына өтті

Сабина Асқарқызы 108 қаралым
Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирдің финалына өтті

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алтын медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жекелей сында өткен жартылай финалда қазақстандық спортшы малайзиялық Кон Джон Суинді жеңді.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (21:17, 21:18).

Шешуші кезеңде Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданмен кездеседі.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар