Дінмұхаммед Қошқар Будапешт турнирінде қола жүлдеге ие болды
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшысы Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Армения өкілі Славик Галстяннан басым түсті.
Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алтын Шағаева қола жүлде үшін белдесуде норвегиялық Отелия Хёйеге есе жіберді.
62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ирина Кузнецова да қола жүлдеге қол жеткізе алмады. Ол Үндістан спортшысы Савитаға жол берді.
Айта кетейік, бүгін, 18 шілдеде, турнирде әйелдер күресінен қалған жүлделер сарапқа салынады. Ал грек-рим күресінен 72 және 87 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар боз кілемге шығады.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған