457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Динара Сәдуақасоваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Спортшыға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы 2022 жылы Алматыда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін беріліп отыр. 

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев шахматтан халықаралық гроссмейстер, еліміздің бірнеше дүркін әрі абсолютті чемпионы Динара Сәдуақасоваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыс етті, деп хабарлайды malimsports.kz

Спортшыға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы 2022 жылы Алматыда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін беріліп отыр. 

Айта кетейік, Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер. Ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2022 жылы Алматыда өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарының қола медаль иегері.