Мәзір
Жаңалықтар

Димаш Құдайберген қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетті

Сабина Асқарқызы 203 қаралым
Димаш Құдайберген қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетті

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Уси қаласына арнайы барып, WT нұсқасы бойынша өтіп жатқан таеквондо әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсетті.

Бұл туралы ақпарат пен фотосуреттер Таеквондо федерациясының Instagram парақшасында жарияланды.

2025 жылғы WT таеквондо әлем чемпионаты 24-30 қазан аралығында Уси қаласында өтуде. Биылғы додаға әлемнің 179 елінен 991 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасының намысын 16 таеквондошы – сегіз ер және сегіз әйел спортшы қорғайды.
Қазіргі әлем біріншілігі аясында өткен World Taekwondo федерациясының (WT) отырысында Қазақстан ресми түрде 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.

Ұйым мүшелері Астанада бұған дейін өткен халықаралық турнирлердің жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстанның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Бұл шешімнің тарихи маңызы зор - алдағы WT әлем чемпионаты тұңғыш рет Қазақстанда және жалпы Орталық Азия аймағында өтпек. Турнирді өткізу орны ретінде Астана қаласы таңдалды.

Фото: скриншот

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар