Диана Ержанова Еуропа кубогында топ жарды
Триатлоннан Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті.
Күміс жүлдені румыниялық Тунде Кришан (35:48) иеленсе, қола медаль италиялық Элис Вентреге (35:50) бұйырды.
Қазақстандық спортшылардан Алуа Нұрмұхамет бесінші (36:03), Калерия Шнайдер алтыншы (36:07), ал Аида Ким тоғызыншы (36:13) орын алды.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған