457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дэвис Кубогы: Қазақстан - Монако командасы тең түсті

6 ақпанда Астанада екі кездесу өтті.

Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогы аясында Монакоға қарсы алғашқы ойын күнін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz

6 ақпанда Астанада екі кездесу өтті. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Юго Нисті 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, команданы алға шығарды.

Кортқа кейін Александр Шевченко шықты. Ол Монаконың көшбасшысы, әлемнің 27-ракеткасы Валантен Вашромен кездесті. Бұл ойында жеңіс Валантеннің еншісіне жазылды - 6:0, 6:3.

"Команданың ауызбіршілігі мықты. Барлығы кәсіби ойыншы әрі қойылған міндетті түсінеді. Біз өз алаңымызда ойнап жатырмыз. Сондықтан еліміз үлкен үміт артып отыр, әсіресе, Аустралияда спортшыларымыз жетістікке жеткеннен кейін жауапкершілік арта түсті. Әрине, бұл қосымша қысым секілді сезіледі. Бірақ жігіттер мұны спорттың бір бөлігі ретінде қабылдайды. Сол қысымды еңсеріп, ойынды жоғары деңгейде жалғастыру керек", - деді капитан Диас Досқараев.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Монако арасындағы есеп – 1:1.

Ертең тағы үш матч өтеді. Жарыс жұптық кездесумен басталады: Александр Бублик / Бейбіт Жұқаев – Роман Арнеодо / Юго Нис.

Фото: ҰОК