"Детройт Пистонс" командасының көшбасшысы ауыр жарақат алды
Детройт Пистонс командасының көшбасшысы Кейд Каннингем ауыр жарақат алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
ESPN журналисі Шэмс Чаранияның мәліметінше, баскетболшыға пневмоторакс диагнозы қойылған. Спортшыда өкпенің жеңіл түрдегі коллапсы анықталған. Соған қарамастан, ол ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды. Нақты қалпына келу мерзімі әзірге белгісіз.
Пневмоторакс - өкпенің айналасындағы қуысқа ауа жиналып, оны қысып, тыныс алуды қиындататын жағдай.
24 жастағы Каннингем «Детройттың» негізгі ойыншысы саналады. Биылғы маусымда ол бір ойынға орта есеппен 24,5 ұпай жинап, лигада бұл көрсеткіш бойынша 13-орында тұр. Сондай-ақ, әр матчта 5,6 рет допты қайтарып, 9,9 нәтижелі пас берген.
Каннингем НБА жұлдыздар матчына екі рет (2025, 2026) қатысқан.
Қазіргі уақытта «Детройт» Шығыс конференциясында көш бастап тұр - команда 68 ойынның 49-ында жеңіске жеткен.
Фото: Getty Images
Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Ең көп оқылған