Мәзір
Жаңалықтар

Денис Тен мемориалында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың нәтижелері белгілі болды

Сабина Асқарқызы 185 қаралым
Денис Тен мемориалында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың нәтижелері белгілі болды

Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалы аясында әйелдер арасында қысқа бағдарламадағы сайыстар аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Аралық бірінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин иеленді - 64.78 ұпай. Екінші орында - канадалық Маделин Щижас (55.55), ал үшінші орынға АҚШ өкілі Джозефин Ли (54.15) жайғасты.

Амира Ирматова алтыншы орында - 47.22 ұпай. Нұрия Сүлеймен жетінші нәтижемен жарысты аяқтады - 44.95. София Фарафонова сегізінші орынға табан тіреді (42.47). Вероника Коваленко оныншы орында - 39.57, ал Русалина Шакрова 11-орынмен шектелді - 30.59.

Айта кетейік, 2 қазанда ерлер қысқа бағдарламада сынға түседі. Ол Астана уақытымен 18:30-да басталады.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар