457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Денис Тен мемориалына қазақстандық спортшылар қатысады

Әйелдер құрамасынан София Фарафонова, Амира Ирматова, Вероника Коваленко, Нұрия Сүлеймен, Амина Алексеева, Карина Исакова сынға түседі.

Алматыда бүгін мәнерлеп сырғанаудан дәстүрлі Денис Тен мемориалы басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Халықаралық турнирде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сындарда, сондай-ақ мұздағы биден жүлделер сарапқа салынады.

Халықаралық конькишілер одағының мәліметінше, Қазақстан атынан ерлер арасында Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев пен Олег Мельников өнер көрсетеді.

Әйелдер құрамасынан София Фарафонова, Амира Ирматова, Вероника Коваленко, Нұрия Сүлеймен, Амина Алексеева, Карина Исакова және Русалина Шакирова сынға түседі.

Сонымен қатар мұздағы биден қазақстандық жұп – Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова ел намысын қорғайды.

Фото: Ашық дереккөз