Мәзір
Жаңалықтар

Денис Тен мемориалы: Датиев пен Наурызова ырғақты биден кейін тоғызыншы орында

Сабина Асқарқызы 52 қаралым
Денис Тен мемориалы: Датиев пен Наурызова ырғақты биден кейін тоғызыншы орында

Алматыда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалында Қазақстан құрамасының өкілдері Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова мұздағы би сайысында ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

3 қазанда жұп ырғақты биді орындап, 50,56 ұпай иеленді. Осы нәтижемен аралық есепте тоғызыншы орынға жайғасты.

Көшбасшылықты Диана Дэвис пен Глеб Смолкин (Грузия) иеленіп, 77,94 ұпай жинады.

Жарыстың еркін би бағдарламасы 4 қазанда өтеді.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар