Алматыда өткен мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалында жасөспірімдер арасындағы жекелей сын мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бірінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Ким Гонхи иеленді (179,24 ұпай). Оның отандасы Ким Мин Сон күміс жүлдеге (171,33) қол жеткізсе, қола медаль Әзербайжан атлеті Арина Калугинаға бұйырды (167,24).
Қазақстан құрамасы ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен Анна Санникова 136,85 ұпаймен алтыншы орын алды. Өзге қазақстандықтардан: Карина Шеина – 11-орын (127,34), Сабина Ботина – 13-орын (116,92), Валерия Зоркина – 14-орын (115,63), Зере Сарбалина – 15-орын (114,98), Милана Воронцова – 19-орын (95,34), Амина Шалимбекова – 20-орын (93,62).
Фото: ҰОК