Мәзір
Жаңалықтар

Денис Тен мемориалы: Әлем чемпионатының жүлдегері топ жарды

Сабина Асқарқызы 100 қаралым
Денис Тен мемориалы: Әлем чемпионатының жүлдегері топ жарды

Алматыда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы аясында әйелдер арасындағы жеке бағдарламада жеңімпаздар анықталды, деп жазады malimsports.kz.

Алтын медальді Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин иеленді. Ол жалпы есепте 196.84 ұпай жинап, қарсыластарына дес бермеді. Айта кетсек, Ли Хэ Ин 2023 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Күміс жүлде тағы бір оңтүстіккореялық мәнерлеп сырғанаушы Юн Асунға бұйырды (174.37 ұпай). Үздік үштікті Канада өкілі Маделин Щижас түйіндеді (164.39 ұпай).

Қазақстандық спортшылар да бақтарын сынап, келесідей нәтижелер көрсетті:

Амира Ирматова — 6-орын (137.15 ұпай),

Нұрия Сүлеймен — 7-орын (124.40 ұпай),

София Фарафонова — 9-орын (104.50 ұпай),

Вероника Коваленко — 10-орын (86.12 ұпай),

Русалина Шакрова — 11-орын (74.71 ұпай).

 

Сурет: Сали Сабиров

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар