Делла Маддалена мен Махачев UFC-дегі титулды жекпе-жек алдында кездесті
Австралиялық Джек Делла Маддалена мен ресейлік Ислам Махачев UFC 322 турниріндегі жекпе-жек алдында соңғы рет бетпе-бет келді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жекпе-жек Нью-Йоркте өтетін шоуға жетекшілік етеді. Делла Маддалена жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды, ал оған бұрын жеңіл салмақта чемпион болған Махачев қарсылас атанып отыр.
Рәсімдік таразылықта екі спортшы да кезек-кезек сахнаға шықты. Артынша дуэль басталып, олар көз түйістірді. Делла Маддалена бірден қашықтықты сақтап, жұмулы жұдырығын алға созып белгі берді. Махачев оған жақындауды ұсынды, алайда австралиялық бас тартты.
«Арманым орындалуына, өмірімдегі ең маңызды жекпе-жекке бір-ақ күн қалды. Мен дайынмын! Баршаңызға рақмет! Ертең кездесеміз», - деді сахнада ресейлік файтер.
Оны жанкүйерлер ерекше қолдады. Ал Делла Маддалена керісінше көрермендер тарапынан гуілге тап болды. Жүргізуші Джо Роган да бұл залдың австралиялықтың жанкүйерлері емес екенін атап өтті.
«Мен әлемнің шыңындамын. Ертең белбеуімді қорғаймын. Австралия, ол үйіне қайтады», - деді Делла Маддалена жанкүйерлерге қарата.
Фото: Getty Images
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған