Давид Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы атанды
9-18 қазан күндері аралығында Мысырдың Каир қаласында пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады malimsports.kz.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев 54 келі салмақта 191 келіні көтеріп, екі алтын медаль жеңіп алды. Ол үздік нәтиже көрсетіп, Қытай мен Сальвадор спортшыларын басып озды.
Өзінің спорттық мансабында Давид пара пауэрлифтинг бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанды. Спортшыны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Николаевич Колесников дайындады.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған