457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дәурен Есімханов Сәпиевпен болған жанжал туралы айтты

Дәурен Есімханов Серік Сәпиевке қатысты дау төңірегінде алғаш рет ресми түсініктеме беріп отыр.

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов Серік Сәпиевке қатысты дау төңірегінде алғаш рет ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды malimsports.kz

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желі мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасында жанжал шығып, Сәпиевтің жарақат алғаны жөнінде ақпарат тараған болатын.

Аталған дерекке байланысты полиция 42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.

Кейін желіде Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжал сәті бейнеленген видео жарияланды. Оқиғаға қатысты Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері де пікір білдірді.

Фото: instagram.com/daurenesimkhanov